Биыл ұрлық жасаған 299 адам қолға түсті
Қызылорда облысында жыл басынан бері ұрлық жасаған 299 адам қолға түсті.Облыс полицейлері ҚР Ішкі істер министрлігінің «Ұрлықтарға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2024-2026 жылдарға арналған бағдарламасы» бойынша бекітілген жоспарға сәйкес жұмыс жүргізіп келеді. Осы бағытта қылмыспен күресте тиімділікті арттыруға бағытталған шаралар қабылданып жатыр.
– Облыста ұрлық жасағаны үшін 299 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ пәтер ұрлығы бойынша – 35, мал ұрлығымен – 18 адамға қатысты осындай қылмыстық іс бар. Бұл бойынша 357 іс сотқа жолданды. Пәтер ұрлығының алдын алу мақсатында көпқабатты үйлер мен жеке сектордағы тұрғын үйлерді күзетуге беру, бейнекамера және дабыл белгісімен жабдықтаудың тиімділігі жөнінде түсіндіру жұмыстары жалғасуда. Белгіленбеген орындарда қараусыз жүрген мал иелеріне қатысты 1 275 әкімшілік шара көрілді. Қызылордалық полицейлер ветеринария қызметкерлерімен бірге рейдтік шаралар жүргізді. Нәтижесінде жалпы 427 әкімшілік құқық бұзушылық анықтады. Оның 161-і мал немесе ет өнімдерін заңсыз тасымалдауға қатысты болып отыр, – деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада инклюзивті балабақшада сәбиді ұруға қатысты қылмыстық іс қозғалды.