Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Шымкентте спорт мектебінің қосымша корпусы пайдалануға берілді

? Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Сайрам тұрғын алабындағы №12 спорт мектебі қосымша корпусының ашылу салтанатына қатысты. Ел Тәуелсіздігі күні қарсаңында қолданысқа берілген екі ауысымда жұмыс істейтін  нысанда бір мезетте 200-ге жуық спортшы оқу-жаттығумен айналыса алады. Мұнда ауқымды спорттық жарыстар өткізуге болады.

? Заманауи талапқа сай бой көтерген ғимараттың жертөлесінде  пауэрлифтинг және ауыр атлетика залдары және киім ауыстыру бөлмесі, душ қарастырылған. Сондай-ақ жаттықтырушылар, инструкторлар, төрешілер бөлмелері бар. Бірінші қабатта вестибюль-фойе, күзетші бөлмесі, асхана, 210 орындық көрермендерге арналған трибунасы бар әмбебап спортзал, медициналық пункт жайғастырылған. Ал екінші қабатта демалыс холы, бокс, күрес, бадминтон оқу-жаттығу залдары орналасқан.

? Бүгінде спорт мектебінің үздіктері үстел теннисі, бокс пен таеквондодан Ұлттық құрама сапында, Әлем, Азия чемпионаттарында жеңімпаз атануда.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Сәйкес жаңалықтар

Түркістан: бір айда Әбу-Даби – Түркістан – Әбу-Даби бағытында 28 рейс орындалған

admin

Ордабасы: Аудан басшысы Нұрбек Бақтыбайұлы Қажымұқан ауыл округіне қарасты Амангелді ауылындағы «Қайнар» емдеу сауықтыру шипажайының тыныс-тіршілігімен танысты.

admin

Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері Наурыз мейрамын тойлады

admin