Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Шоу-бизнес

«Жасарып кетіпті»: Мақпал Жүнісова желіде жаңа фото жариялап, елді таңғалдырды

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мақпал Жүнісова желіде жаңа фото жариялап, ел назарын өзіне аударды. Қалың көпшілік өнер иесінің сұлулығына тәнті болып, оның жасарып кеткенін айтуда, деп жазады KAZ.NUR.KZ. Мақпал Жүнісова Instagram-дағы парақшасында жаңа суретін жариялап, оқырмандарын қуантты. Фотода әншінің күлгін түсті көйлекте тұрғанын көруге болады. Эстрада жұлдызының жаңа фотосы қалың көпшілікті таңғалдырды. Оқырмандар өнер иесіне лүпілдерін аямай, түрлі пікір қалдырды. Желідегілердің басым көпшілігі Жүнісованың асқан сұлулығына тәнті болып, оның жасарып кеткенін жарыса жазуда. «Жасарып кетіпсіз», «Қандай әдемісіз. Құдай сұлулықты молынан берген», «Көз тимесін. Қазақтық сұлу Мақпалы ортамызда күліп жүре бер», «Тұнып тұрған сұлулық», «Сұлулықты аямай берген ғой», «Әдемі болып кетіпсіз», «Ғұмырлы болыңыз», «Не деген фигура», — деп жазды оқырмандар.  

Сәйкес жаңалықтар

Ерке Есмахан: Шынайы өмірім қайнап жатыр

admin

«Қызуқанды адаммын»: Дариға Бадықова желіде өзін сынап жатқандарға жауап берді

admin

МузАРТ тобының экс-мүшесі Мақсат Базарбай жазба бөлісті

admin