Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Тағдыр тәлкегіне ұшыраған анаға көмек қолын созды

Қазіргі кезде қоғамда шешілмей отырған көп мәселелердің бірі отбасындағы әйелдерге қатысты тұрмыстағы зорлық-зомбылықтар болып отыр. Жалпы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа әлсіз балалар, қарттар, мүгедектер мен әйелдер қауымы ұшырайды. Себебі — қызғаныш, маскүнемдік, бұзақылық, әлеуметтік жағдайдың төмендігі.

Осы орайда Созақ аудандық «Белсенді ұзақ өмір және Тең қоғам» әлеуметтік орталығы мен аудандық полиция бөлімінің Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы Айжан Манапованың ұйымдастыруымен «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы аясында, жалғыз басты ана Жұпар Жақсыбековаға заңгерлік, әлеуметтік-психологиялық көмек көрсетілді. Қазіргі таңда отбасында зорлық –зомбылық көрген осындай 167 отбасы аудан көлемінде тіркеуде тұрады. Олардың ішінде жағдайы төмен 30 отбасыға әлеуметтік көмек көрсетіліп, материалдық қолдау жасалған.

Өз кезегінде тағдыр тәлкегіне ұшырап, денсаулығы нашарлаған Жұпар анаға ем қабылдауына мүмкіндік жасалып, орталық мамандары тарапынан моральдік – пстхикалық көмек көрсетілді.

Сонымен қатар жеке куәлігін жоғалтып алуына байланысты, Айжан Манапова жедел түрде құжатын дайындап беруге жәрдем берді.

Мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған осындай жылылық пен қолдауға разы болған анамыз мамандарға рахметін жаудырып, алғысын білдіруде.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Сәйкес жаңалықтар

Жамбыл: облыс әкімі Бану Нұрғазиеваны қабылдады

admin

Түркістан облысында мұғалімдер жалақыларын ала алмай жүр

admin

Шымкент: әскери ортада құқық бұзушылықтардың алдын алу

admin