Отбасындағы зорлық-зомбылықты болдырмау мақсатында аналарға арналған ашық есік күні өтті

«Зорлық-зомбылық қарсы 16 күн белсенділік» акциясы аясында Түлкібас аудандық полиция бөлімінің бастығы Б.Сұлтанов, аналар кеңесінің төрайымы А.Күзембаева, ардагерлер кеңесі мүшелерімен, жастар ресурстық орталығының психолог маманы Т. Орынбасар және әлеуметтік сүйемелдеу орталығының меңгерушісі Е.Жалбиевтің қатысуымен кездесу болып өтті.

Кездесуге адан тұрғындары мен зиялы қауым өкілдері де қатысты.

Кездесудің мақсаты – тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру, құқық бұзушылықтың, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын ала отырып, отбасылық құндылықты бағалауды көздейді.

Кездесуде акция аясында атқарылатын іс-шаралар, алдағы атқаратын жұмыстарды талқылай отырып, отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында аудан көлемінде атқарылған жұмыстар баяндалды. Өз кезегінде түрлі сала мамандары тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты деректерді алға тартып, оған қарсы жүргізілуге тиісті жұмыстардың жай-жапсарын нақтылады. Сонымен қатар шара барысында аудандық полиция бөлімінің азаматтарды қабылдау бөлмесінде “Ашық есік” күні өткізіліп, 8 азаматшаға заң талаптары түсіндіріліп, құқықтық көмек көрсетілді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Қазақстанда «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» халықаралық акциясы басталды. Науқан жыл сайын 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссиясы мен ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен өтеді. Бұл туралы Elordainfo.kz Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап хабарлады.

Осылайша, Қазақстан жаһандық деңгейде де, ұлттық деңгейде де қандай болмасын зорлық-зомбылықты жоюға әрекет жасады. Акцияның негізгі мақсаты – тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру.

Сонымен қатар ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі зорлық-зомбылық түрлерін анықтау, оның салдары мен алдын алу жолдары туралы белсенді ақпараттық науқанды бастады. Акция аясында әйелдер үшін өзін-өзі қорғау бойынша тренингтер ұйымдастырылды, сондай-ақ конференциялар, дөңгелек үстелдер, зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл тақырыбында арт-перфоманс және басқа да іс-шаралар жоспарланған.

Ақпарат https://elordainfo.kz/aleumet/aza-standa-zorly-zombyly-syz-16-k-n-haly-araly-akciyasy-bastaldy сайтынан алынды

ПІКІР ЖАЗУ