Жылдамдықты асырып, алимент төлеуден жалтарып жүрген жүргізушілерді полиция ұстады
Түркістан облысы Ордабасы ауданының патрульдік полиция қызметкерлері «Қорғау» жүйесінің көмегімен 300 мың теңгеге жуық айыппұлын төлемеген «BMW» маркалы автокөлігінің жүргізушісін анықтады. Тексеру барысында жүргізушінің айыппұлының басым көпшілігі жылдамдықты асыру мен алиментті төлемей жүргені белгілі болды.
Одан соң тәртіп сақшылары «Toyota» автокөлігін тоқтатты. Полиция планшеті арқылы жүргізушінің жол ережесін бұзғаны бойынша 600 мың теңгеге жуық айыппұлдарды төлемегенін анықтады. Қос автокөлік айыптұраққа қойылды.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі