Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Полиция сатылымда тұрған велосипедті ұрлаған күдіктіні ұстады

Келес аудандық полиция қызметкерлері велосипед сататын дүкенде орын алған ұрлық қылмысын ашты. Белгілі болғандай, 33 жастағы ер адам қылмыс жасауды алдын ала жоспарлаған.

Яғни түскі уақытта велоспорт дүкенінің алдында сатылымда тұрған құны 70.000 мың теңге тұратын «Stels Navigator» маркалы велосипедті иесі байқамай тұрған сәтті пайдаланып, мініп кеткен.

Күдіктінің бұл әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Тәртіп сақшылары дер кезінде қолды болған велосипедті тәркілеп, заңды иесіне қайтарды. Қазіргі таңда ұсталған күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Сәйкес жаңалықтар

Түркістандағы инвестфорумда 301 млрд теңге көлеміндегі 35 меморандумға қол қойылды

admin

Түркістан облысында мал ұрлығы 47,7 пайызға азайды

admin

Еліміздің 17 өңірінде психологиялық қолдау орталығы ашылды

admin