Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Трассаға жауапты тәртіп сақшыларының саптық таратуы өткізілді

Патрульдік полиция батальонының жеке құрамы облыстағы республикалық маңызы бар тас жолдарда құқықтық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Осы ретте батальон командирі Қанат Болатұлы жеке құрамды жинап, қысқы мезгілге өту барысының дайындығын тексерді, саптық жиын өткізді.

Тексеру барысында жеке құрамның нысанды киімі мен құрал-жабдықтарының сәйкестігі, қызметтік құжаттары түгел бақылауға алынды. Сондай-ақ департамент басшылығының атынан 10 айлық қорытынды бойынша адал әрі жоғары деңгейде қызмет атқарған бірқатар тәртіп сақшылары «Алғыс хатпен» марапатталды.

Жиын соңында жеке құрам қызметкерлеріне қызметтік тәртіпті қатаң сақтау, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тапсырмалар жүктелді. Саптық шерумен қызметтеріне босатылды.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Сәйкес жаңалықтар

Түркістанда Махмұд Қашқаридің «ДИУАНИ ЛҰҒАТ АТ-ТҮРК» еңбегінің 950 жылдығына арналған көрме ашылды

admin

Түркістанда «Төрлет, Наурыз, төріме!» республикалық командалық айтыс өтті

admin

Отырарда нашақорлыққа қарсы форум өтті

admin