Полиция департаментінің жеке құрамы сенбілікке шығып, 120 түп тал екті

Түркістан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясы аясында әр апта сенбілікке шығып, тазалық жұмыстарына өз үлестерін қосып келеді.
Дәстүрге сай бүгінде сенбілікке шықты. Күннен-күнге жасарып, гүлденіп келе жатқан Түркістан қаласының көрікті де әсем, таза қала болуы үшін департамент аумағын қоқыстан тазартты.
Ұжым болып, жарыса жұмыс істеген полицейлер, шырша, терек, қаратал секілді бірқатар ағаш түрлерінен 120 тал отырғызды.
Тазалықты жаны сүйетін тәртіп сақшылары сенбіліктен соң, өздерін сергек және көтеріңкі көңіл-күйде сезінді.
Полицейлер атап өткендей, мұндай шаралар тұрақты өткізіліп тұрмақ.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі
Түркістан облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында күзгі тал егу, тазалық жұмыстары қарқынды жалғасып жатыр. Экологиялық іс-шара аясында ауқымды сенбілік шаһардың өзінде ұйымдастырылды. Әуежай бағытындағы жолдың бойы жаңа көшеттермен толықтырылып, тіректер жөнделді, жабайы шөптер жұлынып, қоқыстан тазартылды.
КСМ: Түркістан облысында биыл 27 500 гектар жерге, 43 149 мың ағаш егу жоспарланған. Өңірдегі 852 елді мекеннің шамамен 90% көгалдандыру үшін 4 млн-нан астам көшет отырғызылу керек болса, ауыл аймақты көгалдандыруға 491 106 дана түрлі көшет әкелінген.
СПИКЕР: ҚАЙРАТ АБДУАЛИЕВ – ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУДЫ РЕТТЕУ БАСҚАРМАСЫ
00-41/01-16 Бүгінгі таңда 4 млн ағаш елдімекендерге жоспардан тыс 4 млн жеткізіп көгалдандыру үшін атқарылып жатқан жұмыс. Одан бөлек Түркістан қаласының аймағының экологиялық жақсарту масатында 30 мың гектар жерге жасыл белдей құрылған 2019 жылы. Содан бері жоспар жасалынып сол көлемнің 70 пайызға жуығы орындалды.
«Таза Қазақстан» акциясы аясында тіректерді жөндеу және жабайы шөптерді тазарту, ағаш отырғызу жұмыстары Облыс орталығында жалғасыт. Түркістан қаласында жалпы 240 гектар жерге түрлі ағаш көшеттері отырғызылған. Олардың қатарында боз арша, жай арша, қарағаш, терек, айлант, жиде, тұт, бадам секілді көшет түрлері бар.
МАНСУРБЕК БУРХАНБАЕВ – ОРМАН ҚОРҒАУ ЖӘНЕ КҮЗЕТУ БӨЛІМІНІҢ БАС ИНЖЕНЕРІ
– Жаңа аэропорт учаскесінде егілген көшеттердің қураған және өлген көшеттерді ауыстырып, толықтыру жұмыстары жүріп жатыр. Сенбілік есебімізде облысымызға қарасты орман шаруашылығы мамандар жұмысшылар келіп жұмыстар толығымен жүргізіліп жатыр.
Күзгі көгалдандыру Түркістан облысында қараша айының ортасында басталған болатын. Бұл жұмыстар 1 желтоқсанға дейін жалғасады. Сонымен қатар биыл күз айларында өңірде 467 мың түп көшет егіледі деп жоспарланған.
Ақпарат https://ontustiktv.kz/kz/news/52593 сайтынан алынды