Түркістан облысында «Учаске» жедел профилактикалық шарасы жүзеге асырылуда

16 қыркүйек пен 15 желтоқсан аралығында республикалық «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Аталған шара Түркістан облысы полиция департаменті жергілікті полиция қызметі және патрульдік полиция қызметкерлерімен бірлесіп криминогендік жағдайдың талдауын ескере отырып, оның ішінде қылмысқа неғұрлым бейім тұрған аумақтарда, шағын аудандарда және көшелерде жүргізілуде.

Шараның мақсаты – қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыстардың алдын алу болып табылады. Өз кезегінде профилактикалық шара Түркістан облысының барлық қала, аудандарында көрсетілген уақыт аралығында тұрақты түрде жүргізетіндігін хабарлаймыз.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі