Полиция көлік құралдарын басқару жайындағы заңдарды еске салады

Полиция көлік құралдарын басқару жайындағы заңдарды еске салады

619-бап
Көлік құралдарын, сол сияқты тиiстi санаттағы көлік құралдарын басқару құқығы жоқ не одан айырылған жүргiзушiнi көлiк құралын басқаруға жiберу

  1. Көлiк құралдарының техникалық жағдайына және пайдаланылуына жауапты тұлғаның көлiк құралын, сол сияқты тиiстi санаттағы көлік құралын басқару құқығы жоқ не одан айырылған жүргiзушiнi көлiк құралын басқаруға жiберуi — жеке тұлғаларға 20 АЕК, лауазымды тұлғаларға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға 30, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне 40 , iрi кәсiпкерлiк субъектiлеріне 50 АЕК  мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
  2. Жәбiрленушiнiң денсаулығына жеңiл зиян келтiруге немесе көлiк құралдарын, жүктердi, жол құрылыстарын немесе өзге де құрылыстарды не өзге де мүлiктi бүлдіруге әкеп соққан дәл сол әрекет — жеке тұлғаларға 50 АЕК , лауазымды тұлғаларға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға 70 , орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне 100 , iрi кәсiпкерлiк субъектiлеріне 150 АЕК  айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

619-1-бап
Масаң күйдегі жүргiзушiнi көлiк құралын басқаруға жiберу

  1. Көлiк құралдарының техникалық жағдайына және пайдаланылуына жауапты адамның алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі жүргiзушiнi көлiк құралын басқаруға жiберуi лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға 40 АЕК , орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне 50 , iрi кәсiпкерлiк субъектiлеріне 60 АЕК  мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
  2. Жәбiрленушiнiң денсаулығына жеңiл зиян келтiруге немесе көлiк құралдарының, жүктердiң, жолдағы немесе өзге де құрылысжайлардың не өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген дәл сол әрекет — жеке тұлғаларға 70 АЕК , лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға бір 100 , орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне 150 , iрi кәсiпкерлiк субъектiлеріне 200 АЕК (738 400 теңге) мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Қоғамдық көлік пен өзге жол қозғалысына қатысушылардың жол қозғалысы ережелерін бұзуы

571-баптан үзінділер
Жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау қағидаларын бұзу

  1. Автомобиль көлігімен жолаушыларды және багажды тасымалдау қағидаларын бұзу — жеке тұлғаларға 5 АЕК , шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 10 , орта кәсіпкерлік субъектілеріне 15 , ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 25 АЕК  мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2-1. Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларын бұзу — жеке тұлғаларға 5 АЕК , шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 10 , орта кәсіпкерлік субъектілеріне 15 , ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 25 АЕК  мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

  1. Осы баптың екінші және 2-1-бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалғанәрекеттер — жеке тұлғаларға 10 АЕК , шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 15 , орта кәсіпкерлік субъектілеріне 20 , ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 50 АЕК  мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

589-бап
Көлiкте өрт қауiпсiздiгi қағидаларын бұзу

  1. Көлiкте белгiленген өрт қауiпсiздiгi қағидаларын бұзу — 5 АЕК  мөлшерінде айыппұлсалуға әкеп соғады.
  2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалғанәрекет — 10 АЕК  мөлшерінде айыппұлсалуға әкеп соғады.

598-бап
Арнайы жарық және дыбыс сигналдары iске қосылған жедел және арнайы қызметтер көлiк құралының жүруiне басымдық бермеу

  1. Бiр мезгiлде жарқылдауық маягi мен арнайы дыбыс сигналы iске қосылған жедел және арнайы қызметтер көлiк құралының жүруiне басымдық бермеу — 7 АЕК мөлшерінде айыппұлсалуға әкеп соғады.
  2. Сыртқы жағында арнайы түстi-графикалық схемалар, жазулар және белгiлеулер бар, бiр мезгiлде жарқылдауық маягi мен арнайы дыбыс сигналы iске қосылған жедел және арнайы қызметтер көлiк құралының жүруiне басымдық бермеу — 10 АЕК  мөлшерінде айыппұлсалуға әкеп соғады.
  3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалғанәрекеттер — 15 АЕК  мөлшерінде айыппұлсалуға әкеп соғады.

603-бап
Көлiк құралына арнайы жарық және (немесе) дыбыс сигналдарын беруге арналған құрылғыларды орнату қағидаларын бұзу не жедел және арнайы қызметтер автомобильдерiнiң арнайы түстi-графикалық схемаларын заңсыз жазу

  1. Көлiк құралының алдыңғы бөлiгiне қызыл түстi жарығы бар жарық аспаптарын немесе қызыл түстi жарық қайтаратын бейімдеме құрылғыларды, сол сияқты түсi мен жұмыс режимi көлiк құралдарын пайдалануға жiберудiң талаптарына сәйкес келмейтiн жарық аспаптарын орнату — көрсетілген аспаптар мен құрылғылар тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға 15 АЕК , шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға 70 орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне 150 , iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне 1 000 АЕК  мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
  2. Арнайы жарық және (немесе) дыбыс сигналдарын беруге арналған құрылғыларды (күзет сигналын беруді қоспағанда) көлiк құралына тиiстi рұқсатсыз орнату — көрсетілген құрылғылар тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға 25 АЕК , шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға 100 , орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне 200 , iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне 1 000 АЕК  мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
  3. Көлiк құралының сыртқы жағына жедел және арнайы қызметтер автомобильдерiнiң арнайы түстi-графикалық схемаларын заңсыз жазу — жеке тұлғаларға 25 АЕК (92 300 теңге), шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға 100 , орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне 200, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне 1 000 АЕК айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

614-бап
Көлiк құралдарының жүруіне кедергi келтіру

Көлiк құралдарының қозғалысына қасақана кедергi келтіру, сол сияқты жол жүрісі саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруға уәкiлеттiк берілген лауазымды адамдардың осындай кедергiлердi жою жөніндегі талаптарын орындамау — жеке тұлғаларға 3 АЕК , лауазымды адамдарға 10 АЕК  мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

615-бап
Жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы

  1. Жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларының талаптарын орындамауы — 2 АЕК  мөлшерiнде айыппұлсалуға әкеп соғады.
  2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, жәбiрленушiнiң денсаулығына қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi жоқ зиян келтiруге әкеп соққан не материалдық залал келтiрген әрекет — 10 АЕК  мөлшерінде айыппұлсалуға әкеп соғады.
  3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасағанәрекет — 10 АЕК  мөлшерінде айыппұлсалуға әкеп соғады.
  4. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет — 20 АЕК  мөлшерiнде айыппұл салуға немесе 3 тәулікке әкімшілік қамаққа алуғаәкеп соғады.
    Ескертпе. Осы бапта жол жүрісіне өзге де қатысушылар деп мопедтердi, велосипедтер мен ат-арба көлiгiн басқаратын адамдарды, жол бойымен жүк артылған, мiнiс малын немесе табынды айдаушыларды, сондай-ақ көлiк құралдары жолаушыларын түсiну керек.

617-бап
Техникалық ақаулары бар көлiк құралдарын пайдалануға шығару және пайдалану қағидаларын өзге де бұзушылықтар

  1. Осы Кодекстiң 619-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, көлiк құралдарының техникалық жағдайына және пайдаланылуына жауапты тұлғалардың, жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларының талаптарын орындамауы — лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне 10 АЕК , орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне 20 , iрi кәсiпкерлiк субъектiлеріне 40 АЕК айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
  2. Жәбiрленушiнiң денсаулығына жеңiл зиян келтiруге немесе көлiк құралдарын, жүктердi, жол құрылыстарын немесе өзге де құрылыстарды не өзге де мүлiктi бүлдіруге әкеп соққан дәл сол әрекеттер — лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне 20 , орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне 40, iрi кәсiпкерлiк субъектiлеріне 50 АЕК  айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

620-бап
Жол жүрісіне қатысушыларға қойылатын өзге де талаптарды бұзу

Кодекстiң осы тарауында санамаланбаған, жол жүрісі қағидаларының талаптарын, көлік құралдарын пайдалануға жіберу жөніндегі негізгі ережелерді бұзу — ескерту жасауға немесе 3 АЕК  мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпе. Хаттама жасау кезiнде жол жүрісі қағидаларының нақты қандай нормасы бұзылғандығы көрсетiледi.

ПІКІР ЖАЗУ