Полиция жолда жүру ережелерін еске салады

06-бап
Жол жүрiсiне қатысушының жол жүрiсi қағидаларын апаттық жағдай туғызуға әкеп соққан бұзушылығы

  1. Жол жүрiсiне қатысушының авариялық жағдай туғызуға әкеп соққан, яғни жол жүрiсiне басқа да қатысушыларды жүру жылдамдығын, бағытын күрт өзгертуге мәжбүр етiп, жол жүрiсi қағидаларын бұзуы — 10 АЕК  мөлшерінде айыппұлсалуға әкеп соғады.
  2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалғанәрекет — 6 ай мерзiмге көлiк құралын басқару құқығынан айыруғаәкеп соғады.

607-бап
Темiржол өтпелерiнен өту қағидаларын бұзу

1.Темiржол өтпелерiнен тыс жерден темiржолды кесiп өту, шлагбаум жабық тұрған немесе жабылып жатқан кезде не бағдаршамның немесе өтпе жолдағы кезекшiнің тыйым салатын сигналы берілген кезде темiржол өтпелерiне шығу — 10 АЕК мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

  1. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалғанәрекеттер — 6 ай мерзiмге көлiк құралын басқару құқығынан айыруғаәкеп соғады.

610-бап
Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген бұзушылығы

  1. Көлiк құралдарының, жүктердiң, жолдардың, жолдағы және басқа да құрылысжайлардың немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген, материалдық залал келтiрген көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын бұзуы — 25 АЕК мөлшерiнде айыппұл салуғанемесе алты айға дейінгі мерзiмге көлiк құралын басқару құқығынан айыруғаәкеп соғады.
  2. Жәбiрленушiнiң денсаулығына жеңiл зиян келтiруге әкеп соққан дәл сол әрекет — 40 АЕК мөлшерiнде айыппұлсалуға немесе 9 айға дейінгі мерзiмге көлiк құралын басқару құқығынан айыруғаәкеп соғады.
  3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, көлiк құралдарын басқару құқығы жоқ не басқару құқығынан айырылған адам жасаған әрекеттер — 60 АЕК мөлшерiнде айыппұлсалуға әкеп соғады.

ҚР Қылмыстық кодексінің 345-1-бабы

Алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы

  1. Автомобильдi, троллейбусты, трамвайды не басқа да механикалық көлiк құралын басқаратын адамның алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын абайсызда адамның денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтiруге алып келген бұзуы – белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан 10 жыл мерзімге айыра отырып, 1 000 АЕК дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не 400 сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не 1 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруғажазаланады.
  2. Абайсызда адамның денсаулығына ауыр зиян келтiруге алып келген дәл сол іс-әрекет – белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан 10 жыл мерзімге айыра отырып, 3 000 АЕК дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не 1 200 сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруғажазаланады.
  3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда адам өліміне алып келген іс-әрекет – белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан 10 жыл мерзімге айыра отырып, 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруғажазаланады.
  4. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда екі немесе одан көп адамның өліміне алып келген іс-әрекет – белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 7 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруғажазаланады.

(Ескертпе: осы бапта көрсетілген адамдарға көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған адамдар жатпайды.)

ҚР ҚК-нің 346-бабы

Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру

  1. Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы не көлік құралын басқаруды осындай адамға беру, сол сияқты осындай адамның көлік құралын басқаруына лауазымды адамның немесе көлік құралы меншік иесінің не иеленушісінің жол беруі – белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 5 000 АЕК дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не 1 200 сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруғажазаланады.
  2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда көлік құралдарын, жүктерді, жол құрылысжайларын және өзге де құрылысжайларды не өзге мүлікті бүлдіруге, сол сияқты адамның денсаулығына жеңіл зиян келтiруге алып келген әрекеттер – белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 4 жылдан 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруғажазаланады.
  3. Абайсызда адамның денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтiруге алып келген дәл сол іс-әрекеттер – белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 5 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруғажазаланады.
  4. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда адамның денсаулығына ауыр зиян келтiруге алып келген іс-әрекеттер – белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 6 жылдан 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруғажазаланады.
  5. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда адам өліміне алып келген іс-әрекеттер – белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 7 жылдан 9 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруғажазаланады.
  6. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, абайсызда екi немесе одан көп адам өлiмiне алып келген іс-әрекеттер – белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 8 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруғажазаланады

ҚР ҚК-нің 347-бабы

Жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетіп қалу

Осы Кодекстің 345, 346-баптарында көзделген ауыр зардаптар туындаған жағдайда, көлiк құралын басқаратын және жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзған адамның жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетіп қалуы – белгілi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан 3 жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, 1 000 АЕК дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 600 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

(Ескерту. зардап шегушiлерге көмек көрсетуге байланысты жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетiп қалған адам осы бап бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылады.)

611-бап
Жүргізушінің жол-көлік оқиғасына байланысты міндеттерді орындамауы

  1. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, жүргізушінің өзі қатысушы болып табылатын жол-көлік оқиғасына байланысты Қазақстан Республикасының жол жүрісі саласындағы заңнамасында көзделген міндеттерді орындамауы — 5 АЕК мөлшерінде айыппұлсалуға әкеп соғады.
  2. Жүргізушінің жол жүрісі қағидаларын бұзып, өзi қатысушы болып табылған жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетiп қалуы — 1 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыруғаәкеп соғады.
  3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, көлік құралын басқару құқығынан айырылған не көлік құралдарын басқару құқығы жоқ адам жасаған әрекет — 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға не 30 тәулікке әкімшілік қамаққа алуғаәкеп соғады.
    Ескертпе. Зардап шегушiге медициналық көмек көрсетуге байланысты жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетiп қалған адам осы бап бойынша жауаптылықтан босатылады.

612-бап
Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлiк құралын басқаруы

  1. Өзімен бірге жүргiзушi куәлiгi немесе жүргiзушi куәлiгiнiң орнына берiлген басқару құқығына уақытша куәлiгi, көлік құралына тіркеу және заңнамада белгiленген өзге де құжаттары жоқ жүргiзушiнiң көлiк құралын басқаруы — 5 АЕК мөлшерiнде айыппұл салуғаәкеп соғады.
  2. Көлiк құралын басқару құқығы жоқ адамның оны (жүргiзіп-үйренуден басқа) басқаруы, сол сияқты тиiстi санаттағы көлiктi басқару құқығы жоқ жүргiзушiнiң көлiк құралын басқаруы 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салуғаәкеп соғады.
  3. Көлiк құралын басқару құқығынан айрылған жүргiзушiнiң көлiк құралын басқару — 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салуғаәкеп соғады.
  4. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер — 30 АЕК мөлшерінде айыппұлсаулға әкеп соғады.

4-1. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер — 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

  1. Басқару құқығы жоқ адамға (белгiленген қағидаларға сәйкес жүргiзуге оқыту жағдайларын қоспағанда) не көлiк құралын басқару құқығынан айрылған адамға көлiк құралын басқаруға беру — 50 АЕК мөлшерінде айыппұлсалуға әкеп соғады.
  2. Осы баптың бесінші бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалғанәрекет — 70 АЕК мөлшерінде айыппұлсалуға әкеп соғады.

613-бап
Ішкі істер (полиция), көліктік бақылау органдары қызметкерінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттерінде және Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінде, әскери полиция органдары қызметкерінің талаптарын орындамау, алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйін куәландырудан өтуден жалтару

  1. Ішкі істер (полиция), әскери полиция (тек қана Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының, Қарулы Күштерінің, Қазақстан Республикасының басқа әскерлері мен әскери құрылымдарының көлік құралын басқаратын адамды) органдары қызметкерінің көлiк құралын тоқтату туралы заңды талабын орындамау — 30 АЕК мөлшерінде айыппұлсалуға әкеп соғады.
  2. Көліктік бақылау органдары қызметкерінің Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінде көлік құралын тоқтату туралы заңды талабын орындамау — 10 АЕК айыппұл салуғанемесе көлік құралдарын басқару құқығынан алты айдан бір жылға дейінгі мерзімге айыруға әкеп соғады.
  3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет — көлік құралын басқару құқығынан 6 ай мерзімге айыруғаәкеп соғады.

3-1. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, көлік құралдарын басқару құқығы жоқ не басқару құқығынан айырылған адам жасаған әрекет — 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

  1. Ішкі істер (полиция), әскери полиция (тек қана Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының, Қарулы Күштерінің, Қазақстан Республикасының басқа әскерлері мен әскери құрылымдарының көлік құралын басқаратын адамды) органдары қызметкерінің белгіленген тәртіпке сәйкес алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйін куәландырудан өту туралы заңды талабын орындамау — көлік құралдарын басқару құқығынан 3 жыл мерзімге айыруғаәкеп соғады.
  2. Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза мерзімі өткеннен кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет — 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алуға және 6 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруғаәкеп соғады.
  3. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген әкімшілік жаза мерзімі өткеннен кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған, осы баптың бесінші бөлігінде көзделген әрекет — 30 тәулікке әкімшілік қамаққа алуға және 10 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыруғаәкеп соғады.
  4. Осы баптың төртінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде көзделген, көлік құралын басқару құқығынан айырылған адам жасаған әрекеттер — 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алуғаәкеп соғады.
  5. Осы баптың жетінші бөлігінде көзделген әкімшілік жаза мерзімі өткеннен кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған, осы баптың жетінші бөлігінде көзделген әрекеттер — 30 тәулікке әкімшілік қамаққа алуғаәкеп соғады.
  6. Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген, көлік құралдарын басқару құқығы жоқ адамдар жасаған әрекет — 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алуғаәкеп соғады.
  7. Осы баптың тоғызыншы бөлігінде көзделген әкімшілік жаза мерзімі өткеннен кейін бір жыл ішінде қайталапжасалған, осы баптың тоғызыншы бөлігінде көзделген әрекет — 30 тәулікке әкімшілік қамаққа алуғаәкеп соғады.
  8. Осы баптың жетінші, сегізінші, тоғызыншы және оныншы бөліктерінде көзделген, осы Кодекстің 50-бабының екінші бөлігіне сәйкес әкімшілік қамаққа алу қолданылмайтын адамдар жасаған әрекеттер — 200 АЕК мөлшерінде айыппұл салуғаәкеп соғады.
  9. Жүргізушіні ішкі істер (полиция), әскери полиция (тек қана әскери көлік құралын басқаратын адамның) органдарының қызметкері тоқтатқан жағдайда оның рұқсатынсыз жүргізушінің көлік құралы кабинасынан (салонынан) кетіп қалуы, сондай-ақ көлік құралы кабинасынан (салонынан) шығу туралы талаптарды орындамауы — жүргізушіге де жолаушыларға(жолаушыға) да 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салуғаәкеп соғады.
  10. Осы баптың он екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер — жүргізушіге 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салуғаәкеп соғады.
    Ескертпе. Нысанды киім киген ішкі істер (полиция), көліктік бақылау, әскери полиция органдары қызметкерлерiнiң көлiк құралын тоқтату туралы талабы ысқырып сигнал берумен бір мезгiлде қол қимылымен немесе таяқшамен сигнал беру арқылы не дыбыс күшейткiш құрылғының көмегiмен бiлдiрiледi. Сигналдар жүргiзушiге түсiнiктi болуға және оларды орындау авариялық жағдай туғызбайтындай болуы үшін дер кезiнде берiлуге тиiс.

590-бап
Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу

  1. Мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi (белгiсi) оқылмайтын немесе стандарт талаптары бұзыла отырып орнатылған, тiркелген көлiк құралын басқару — 5 АЕК мөлшерінде айыппұлсалуға әкеп соғады.
  2. Мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi (белгiсi) жоқ немесе пайдалануға тыйым салынғаннан кейiн немесе белгiленген тәртiппен тiркелмеген көлiк құралын басқару — 10 АЕК мөлшерінде айыппұлсалуға әкеп соғады.
  3. Көлiк құралына көрiнеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерiн (белгiсiн) орнату — жеке тұлғаларға — 15 АЕК , лауазымды тұлғаларға —50 шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға — 100 (369 200 теңге), орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне — 200 , iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне 400 АЕК мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
  4. Көрiнеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi (белгiсi) бар көлiк құралын басқару, сол сияқты мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерiн (белгiсiн) сәйкестендіруге кедергі келтіретін не олардың түрін өзгертетін немесе жасыратын құрылғылар мен материалдар қолданыла отырып жабдықталған мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi (белгiсi) бар көлiк құралын басқару — 20 АЕК мөлшерiнде айыппұлсалуға немесе 1 жыл мерзiмге көлiк құралдарын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.
  5. Осы баптың алтыншы бөлiгiнде көрсетiлген жағдайларды қоспағанда, техникалық регламенттердің, стандарттардың талаптарына сай келмейтiн, сондай-ақ көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынатын ақаулары мен жағдайлар бар көлiк құралдарын басқару — 5 АЕК мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
  6. Тежегiш жүйесiнiң, басқару рулінің, тартқыш-тіркеме құрылғысының ақауы бар көлiк құралдарын басқару — 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
  7. Тиiстi рұқсатсыз қайта жабдықталған көлiк құралын басқару — 15 АЕК мөлшерінде айыппұлсалуға әкеп соғады.
  8. Жолаушыларды, багажды автомобильмен тұрақты немесе тұрақты емес тасымалдауды, сондай-ақ жүктердi тасымалдауды жүзеге асыру кезiнде рейс алдындағы (ауысым алдындағы) техникалық қарап-тексеруден өтпеген автокөлiк құралдарын пайдалануға шығару, сондай-ақ рейс алдындағы (ауысым алдындағы) медициналық қарап-тексеруден өтпеген жүргiзушiнiң басқаруына рұқсат беру лауазымды адамдарға және шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне 30 орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне 40 iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне 50 АЕК мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
  9. Мемлекеттiк немесе мiндеттi техникалық қарап-тексеруден өтпеген көлiк құралын басқару — 5 АЕК мөлшерінде айыппұлсалуға әкеп соғады.
  10. Осы баптың бiрiншi, бесінші, алтыншы және тоғызыншы бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер — 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
    Ескертпе. Кодекстiң осы тарауында көлiк құралдары деп автомобильдердiң, тракторлардың барлық түрлерiн және өзге де өздiгiнен жүретiн машиналарды, трамвайларды, троллейбустарды, сондай-ақ мотоциклдер мен басқа да механикалық көлiк құралдарын түсiну керек.