Жетісайда 9 жасөспірімге әкімшілік шара көрілді

Жетісай ауданы полиция бөлімінің тәртіп сақшылары кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алды алу мақсатында “Түнгі қаладағы балалар” бойынша рейдтік шара жүргізді. Түнгі рейдтік іс –шарада Жетісу және Кемел ықшам ауданы бойынша ойын-сауық, кафе, дүкендерге және бос жүрген жасөспірімдерге бақылау жүргізілді.

Шара барысында Жетіай қаласында орналасқан ойын-сауық орталықтарында сағат 22.00-ден кейін жүрген жасөспірімдер анықталып, мекеме иелеріне әкімшілік шара көрілсе, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз ойын-сауық мекемелерінде болғаны үшін 9 жасөспірімге әкімшілік шара көріліп, хаттама толтырылды.

Сондай-ақ, түнде жүрген 11 жасөспірім Жетісай аудандық полиция бөліміне жеткізіліп, олардың ата-аналарына түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Алдағы екі күнде аулаларда, саябақтарда, жастар көп жиналатын ойын-сауық орындарында рейдтік қадағалау жұмыстары кеңінен жүргізіледі. Сондықтан құрметті ата-аналар жасөспірім балаларыңызды қадағалап, өздеріңіздің тараптарыңыздан жауапкершілік танытуға шақырамыз.

Қазақстан Республикасы ІІМ-нің 14.06.2022 жылғы нұсқауына сәйкес Республика аумағында «Түнгі қаладағы балалар» алдын алу іс-шарасы өтуде.

Аталған шараның негізгі мақсаты кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтар мен оларға қатысты қылмыстың алдын алу болып табылады.

Елімізде заң бойынша кәмелетке толмаған жасөспірімдерге түнгі сағат 22:00-ден кейін компьютерлік клубтарда, ойын-сауық орындарында болуға және 23:00-ден кейін көшеде ата-анасыз жүруге тыйым салынған.

Түркістан олысы ПД баспасөз қызметі