Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Ату сайысында Түркістан облысының полицейлері жүлдегер атанды

Жамбыл облысы Практикалық ату федерациясының ұйымдастыруымен Тараз қаласында орналасқан «Сұңқар» ату алаңында Қазақстан Республикасы тактикалық көпсайыстан республикалық жарыс өткізілді.

Мақсат — арнайы жасақ қызметкерлерінің кәсіби шеберлігін арттыру, психологиялық және физикалық күйзелістік күшеюі кезінде олардың күйзелістерге төзімділігін жетілдіріп, бәсекелестік мәдениетін қалыптастыру. Осыған байланысты Түркістан облысы Полиция департаментімен оқу-жаттығу взводының 5 қызметкерінен құралған «Тұран Түркістан» командасы жарыста өзге аймақтардың мергендерімен бақ сынасты.

Республика бойынша 17 команда қатысқан жарыста Арнайы жасақ қызметкерлері автомат Калашниковтан, Макаров тапаншасынан, мергендік қару СВД бойынша атудан сынға түсіп, өз мергендіктерін көрсетті. Нәтижесінде командалық есепте Түркістан облысының полицейлері өзгелерден оза шауып, жүлделі ІІ орынды иеленді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Сәйкес жаңалықтар

Астанада өткен стартап-баттлда үздіктер анықталды

admin

Үлкен теннистен алғашқы ашық біріншілік өтті

admin

Түркістан облысында халықаралық кооперация орталығы құрылып, оған «Индустриалды аймақ» статусы беріледі

admin