Жалған хабарлама таратқаны үшін жаза қарастырылған
Түркістан облысында полицияға белгісіз адамнан қоңырау келіп түсті. Онда Жетісай ауданы оқу орындарының бірінде жарылғыш құрылғы қойылғаны туралы хабарланған. Оқиға орнына шұғыл түрде арнайы қызметтер шығып, оқушылар мен мектеп әкімшілігін эвакуациялады. Тексеру кезінде хабарлама жалған болып шықты.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Түркістан облысының полицейлері жарылғыш құрылғы туралы хабарлаған кәмелетке толмаған 11 сынып оқушысының жеке басын анықтады. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған қажетті іс-шаралар жүргізілуде.
Естеріңізге сала кетейік, терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлағаны үшін айыппұл не сол мөлшерде түзеу жұмыстарымен, сондай-ақ бес жылға дейінгі мерзімге шектеу немесе бас бостандығынан айыру түрінде жаза қарастырылған. 14 жасқа толған адамдар бұл қылмыс үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Сол себепті полиция мектеп оқушыларына қатаң ескертеді. Мұндай құқық бұзушылықтарға заңмен тыйым салынады.
Сондай-ақ сот шешімі негізінде шығындар мен осындай хабарламадан келтірілген барлық шығын өтелуі тиіс. Егер мұндай әрекеттерді кәмелетке толмағандар жасаған жағдайда, залалды өтеу олардың ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне жүктеледі.
Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлағаны үшін (ҚР ҚК 273-бабы) бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл (бүгінгі күні – 14,5 млн теңге) не сол мөлшерде түзеу жұмыстары түріндегі жаза, сондай-ақ бес жылға дейінгі мерзімге шектеу немесе бас бостандығынан айыру көзделген.
Айыпталушылардың біріне сот шешімімен медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылды. Сондай-ақ қылмыстық жауаптылық жасына жетпеген ұсталған кәмелетке толмағандардың бірінің ата-анасына айыппұл салынып, олар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Бұл қылмыс үшін 14 жасқа толған адамдар қылмыстық жауапкершілікке тартылады, сондықтан мұны мектеп оқушылары да есте ұстауы керек.
Сонымен қатар сот шешімі негізінде шығындар мен осындай хабарламадан келтірілген барлық залал өтелуге жатады. Арнайы қызметтердің мұндай жалған шақыруларға бір шығуына 200-ден 300 мың теңгеге дейінгі қаржысы жұмсалады, ал кәсіпорындар мен ұйымдардың тоқтап қалуынан келген залал миллиондаған теңгемен есептеледі.
Егер мұндай әрекеттерді кәмелетке толмағандар жасаған жағдайда залалды өтеу олардың ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне жүктеледі.