Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Түркістандық мас жүргізуші автобуспен 40 жолаушыны тасымалдаған

Түркістан облысының 50 жастағы жүргізушісі ішімдік ішіп, автобус тізгіндеген. 40 жолаушыны тасымалдап бара жатқан оны полицейлер тоқтатқан.

ІІМ мәліметінше, тәртіп сақшылары Астана-Петропавл автожолының 232-шақырымында Van Hool автобусын тоқтатқан. Құжаттарды тексеру және әңгімелесу барысында жүргізушіден алкогольдің иісі шыққан. Полицейлер оған Бурабай ауданының ауруханасына медициналық тексеруден өтуді ұсынған. Дәрігер жүргізушінің жеңіл дәрежелі алкогольдік мас күйде екенін растады.

Аталған факті бойынша Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 608-бабы 1-бөлігімен автобус жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал жолаушыларды өзге жүргізуші діттеген жеріне жеткізген.

Сәйкес жаңалықтар

Шымкентте 100 орынға лайықталған стационар ашылды

admin

АШМ: Бидай өңдеуге 2,6 млрд доллар инвестиция тартылады

admin

Созақ аудан әкімі Қаратау, Қарақұр ауыл округінде тұрғындармен жүздесті

admin