Мақтааралда атқарылған жұмыстарға есеп берілді

Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің бастығы Ердаулет Дарханұлының төрағалығымен, 2024 жылдың 9-айында атқарылған жедел-қызметтік жұмыстарының қорытындыларын талдау мақсатында жедел кеңес өткізілді.

Жедел кеңес барысында Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерінің 2024 жылдың 9-ай көлемінде атқарған жұмыстары мен қол жеткізген нәтижелері, сонымен қатар жұмыс барысында жіберілген кемшіліктері бойынша сын ескертпелері талқыланды.

Атап айтқанда жыл басынан бері былтырғы жылмен салыстырғанда қылмыс саны -30,4%-ға төмендеген.

Бүгінгі таңда өңірімізде криминогендік ахуал тұрақты. Жалпы аудан көлеміндегі қоғамдық орындардағы қауіпсіздік шараларын күшейтіп, қылмыстардың алдын алу бағытында полиция қызметкерлерімен атқарылған шаралар нәтижесінде қылмыс саны азайды – деді полиция подполковнигі Ердаулет Амантев.

Жиында полицияның жұмысын жақсарту, ішкі істер органдарын цифрландыру, полицияны халыққа жақындату, оң имиджін нығайту, халықтың сенім деңгейін арттыру және полиция қызметінің өзекті мәселелері туралы халықты жан-жақты және шынайы ақпараттандыру, полиция қызметін жетілдіру бағытындағы шаралар жөнінде сөз қозғалды.

Сондай – ақ, жедел – қызметтік жұмыс талқыланып, халықпен тиімді серіктестік орнату, ішкі істер органдарының қызметінде ашықтықты және айқындықты қамтамасыз ету мәселелері нақтыланды.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ