Түркістан облыстық сотында дөңгелек үстел өткізілді

Түркістан облыстық сотының 2024 жылдың ІІ жарты жылдығына арналған жұмыс жоспарына сәйкес «Әкімшілік актілердің заңдылығы мен негізділігіне қатысты мәселелер» туралы дөңгелек үстел өткізілді.

Іс шараға Түркістан облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің, Түркістан облысы әкімі аппаратының, Түркістан, Кентау қалалары әкімі аппараттарының және «Азаматтарға арналған үкімет» МК КеАҚ Түркістан облысы бойынша филиалдарының өкілдері қатысты.

Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьялары С.Кусембаева мен М.Оңласов баяндама оқып, әкімшілік актіні шығару кезінде мемлекеттік мекемелер тарапынан жіберілетін қателіктерге тоқталып өтті.

Сонымен қатар, АППК қағидаттарын сақтау, тыңдау рәсімінің мақсаты мен міндеттерін, оның маңыздылығын, азаматтар мен жеке тұлғалардың жүгінулерімен жұмыс істеу тәртібіне ерекше назар аударылды.

Қатысушылар күн тәртібіндегі тақырып бойынша өз ара пікір алмасып, туындаған сұрақтарына жауап алды.

Кездесудің нәтижесінде әкімшілік қызметшілермен заңнаманың негізгі ережелерін түсіндіру және сот практикасымен танысу туралы тұрақты негізде семинарлар өткізу туралы келісімге келді.

ПІКІР ЖАЗУ