Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: Әлеуметтік нысандар жылыту маусымына дайын

Үшінші мегаполисте әлеуметтік нысандар жылыту маусымына 100 пайыз дайын, деп хабарлады Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Шымкент қаласы аумағында 482 бюджеттік нысан орналасқан болса, бүгінгі таңда 474 нысан жылыту маусымына дайын. Яғни, нысандардың 98 пайызы алдағы жылыту маусымына әзір. Бұл жөнінде жылыту маусымына дайындық жұмыстарын пысықтау бойынша қала әкімінің қатысуымен өткен жиында қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Б.Болатбеков мәлімдеді.

Сала жетекшісінің айтуынша, қаладағы 256 білім нысаны, 33 спорт және 14 әлеуметтік объектілердің барлығы жылыту маусымына дайын. Ал, денсаулық сақтаудағы 109 нысанның 94 пайызы, мәдениет саласындағы 70 нысанның 97 пайызы дайындалған.

Бюджеттік нысандардың көмірге қажеттілігі 4,7 мың тонна, тасымалданғаны 4,6 мың тонна, сұйық отынға қажеттілігі 980 тонна болса, толық қамтамасыз етілген. Қажетті отын көлемі 1 қыркүйекке дейін жеткізіледі деп күтілуде.

Айта кетейік, жылыту маусымы басталған уақытта ең алдымен мектеп, балабақша, медицина мекемелері сынды әлеуметтік нысандарға жылу беріледі.

Сәйкес жаңалықтар

Шымкент: Ғабит Сыздықбеков қала тазалығын үнемі бақылауда ұстауды тапсырды

admin

Арыс: спорт алаңы ауыл әкімдігінің меншігіне өтетін болды

admin

Қазақстандық теннисші Аделаидадағы ATP 250 турнирінің іріктеу финалына шықты

admin