Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Сарыағаш аудандық сотының ұйымдастыруымен кездесу өткізілді

Сарыағаш аудандық сотының ұйымдастыруымен судьялар, медиаторлардың және ауыл округ әкімдерінің, аудан тұрғындарының қатысуымен кездесу өткізілді.

Төрағалық етуші А.Малаева дөңгелек үстелді ашып, ауыл округ әкімдеріне қазіргі таңда өзекті мәселе-медиация тәртібін қолдану арқылы татуластыруды насихаттау қажеттілігін түсіндіріп, осы бағытта біргелесіп жұмыс атқаруға шақырды. Халықтың жағдайын жақсарту үшін сотта істердің татуластыру рәсімдерін қолдану арқылы аяқталуы маңызды екенін түсіндірді.

Судьялыққа тағылымдамадан өтуші М.Агибаева сөз алып, банктерге, микроқаржы ұйымдарына қарыз азаматтардың саны артқанын, сол азаматтардың басым бөлігі ауыл тұрғындары екенін айтып өтті.

Қарыз ақша өндіру туралы сотқа арыз келіп түскен кезде, арыз өндіріске қабылданар алдын медиатор міндетті түрде жауапкер мен талапкерге дауды татуластыру шараларын қолдану арқылы аяқтауды ұсынады, сол сәтте жауапкерлердің сотқа келуі өте өзекті мәселе екенін түсіндірді. Ауыл округ әкімдерінен өздеріне қарасты ауыл тұрғындарын сотқа келуіне ықпал жасауды сұрады.

Жиын соңында судьялар қатысушылардың сұрағына толық жауап беріп, істеріне сәттілік тіледі.

Сәйкес жаңалықтар

Сарыағаш: Республика күні мерекесінде елді мекен таза ауыз сумен қамтылды

admin

Түркістан: ерекше қажеттілігі бар жандарға мемлекеттік қолдау тұрақты көрсетілуде

admin

ШЫМКЕНТ: Әл-Фараби ауданының ардагерлер кеңесінің төрағасы сайланды

admin