Түркістанда атқарылған жұмыстардың нәтижесі сараланды
Түркістан қаласы Ұлы дала елі орталығында Түркістан қалалық Полиция басқармасының жедел кеңес отырысы өтті.
Кеңесте 2024 жылдың 9 айында тәртіп сақшылары атқарған жұмыстың нәтижесі қаралды. Басқарма бастығы қорытынды есепті саралап, жеке құрамға нақты тапсырмалар берді.
Статистикаға сүйенер болсақ, Түркістан қаласында ағымдағы жылдың 9 айында қоғамдық орында жасалған қылмыстар саны 2%-ға төмендеген болса, пәтер ұрлығы 39%-ға, адамдар тобымен жасалған қылмыстар саны 17,5%-ға төмендеген.
Атқарылған жұмыстар баяндалып болған соң, басқарма бастығы көшеде жасалған қылмыстар мен мас халде қоғамдық орында болу фактілері және алаяқтық қылмыс пен жол көлік оқиғаларының алдын алу жұмыстарын күшейтуге, тұрақты түрде рейдтік-профилактикалық шараларды үздіксіз жүргізуге тапсырма берді.
Сондай-ақ құзырлы орган мекемелерімен бірлесіп, белсенділер мен жастардың қатысуында жасөсіпірімдер арасындағы құқық бұзушылық профилактикасына бағытталған кездесулер өткізудің қажеттілігіне тоқталды.
Жиын соңында полиция полковнигі Жасұлан Нысанбаев жеке құрамды қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, тұрғындар тыныштығын сақтауда қала көлеміндегі тәртіп сақшыларының жұмысын жандандыруға шақырды.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі