Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

“Қорғау-қауіпті жүргізуші” бағдарламасымен рейд жалғасуда

Түркістан облысы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері өздеріне бекітілген аумақтарда, яғни республикалық маңызы бар жолдарда *Қорғау-қауіпті жүргізуші* бағдарламасымен рейд ұйымдастырды.

Іс-шараның негізгі мақсаты — қоғамдық тәртіпті қорғау, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушы жүргізушілердің мемлекет алдында төленбеген айыппұлдан жалтаруының алдын алу, міндеттелген сақтандыру полисі жоқ және тіркелмеген автокөліктерді анықтау. Рейд барысында осы талаптар жүргізушілерге түсіндірілді.

Құрметті жүргізушілер! Полиция жолда жүргенде құқық бұзушылыққа жол бермей, жылдамдықты асырмай, жол жүрісі ережелерін қатаң сақтауды ескертеді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Сәйкес жаңалықтар

Полицейлер 1500 доза есірткіні сақтаған күдіктіні анықтады

admin

Түркістан облысы әкімінің орынбасары зиялы қауым өкілдерінің ұсыныстарын тыңдады

admin

Трамп бар болғаны 100 күнде АҚШ экономикасын дағдарыс шегіне жеткізді

admin