Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Полиция көршісінің ақшасы мен ұялы телефонын ұрлаған күдіктіні анықтады

Түркістан облысында полиция көршісінің ақшасы мен телефонын ұрлаған күдіктіні анықтады. Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды.

Басылым мәліметіне сүйенсек, Қазығұрт ауданының полицейлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұрлық жасады деген күдікке ілінген жас қызды анықтаған. Күдікті жәбірленушінің көршісі болып шықты. Кешке пәтер иесінің үйден шыққанын пайдаланған қыз оның үйіне терезе арқылы кірген. Содан кейін жатын бөлмеде тұрған сөмкеден 85 мың теңге мен үстелде қалған телефонды ұрлап кеткен. Күдікті ұрланған мүлікті сатып, ақшаны өз қажеттілігіне жұмсаған. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сәйкес жаңалықтар

Тұрғындарды баспанамен қамту жолындағы ізденістерді тоқтатпаймыз – Дархан Сатыбалды

admin

Жастардың өзекті мәселесі мен қажеттілігі талқыланды

admin

Шымкентке 5 айда 96,9 млрд теңге инвестиция тартылды

admin