Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Полицейлер жүргізушілерді қысқы маусымға автокөліктерін дайындауға шақырады

Түркістан облысы ПД Патрульдік полиция қызметкерлері жүргізушілерге көлік құралдарын қысқы кезеңге дайындау қажеттілігі туралы түсіндіру бойынша іс-шаралар жүргізуде.

Тәртіп сақшылары рейд кезінде автокөлік жүргізушілеріне көліктерін жолға шықпас алдын тексеріп, оның жай-күйіне және техникалық жарамдылығына байыппен қарауға шақырды.

Бірінші кезекте жазғы доңғалақтарын қысқы доңғалаққа ауыстыруға кеңес берді. Сондай-ақ көлікке қажетті майларын ауыстырып, жаңа сүзгілерді қойып, тежегіш жастықшаларын, шамдарын, әйнек тазалағыштарын, салқындату жүйесін тексеріп қоюға міндеттеді.

Сонымен қатар жолдарда мүмкіндігінше мұқият болу керек, әсіресе ауа райының қолайсыздығында жылдамдық режимін, маневр жасау ережелері мен қашықтықты сақтау қажеттігін жеткізді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Сәйкес жаңалықтар

Доллар қымбаттап жатыр: Қазақстанда жалақы өсе ме

admin

Қарағандыда домбырашыларды флешмобқа қосылуға шақырады

admin

Ардагер полицейлер марапатталды

admin