Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Полиция бір тәулікте 30 құқық бұзушылықты анықтады

Құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында Сарыағаш ауданының аумағында полицейлер рейдтік-профилактикалық іс-шаралар жүргізуде.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары бейнебақылау камералары арқылы жалпы пайдалану орындарын ластағаны үшін 10 құқық бұзушыны жауапқа тартты.

Сондай-ақ тәртіп сақшылары жол қозғалысы ережелерін сақтамаудың 12 фактісін, белгіленбеген жерлерде сауда жасаудың 3 фактісін, қоғамдық орындарда тиісудің 3 фактісін анықтады.

Бұдан бөлек полицейлер қоғамдық орында мас халде жүру мен қару сақтау ережелерін бұзудың 1 дерегіне қатысты әкімшілік хаттама толтырды.

Облыс полициясы атап өткендей, қылмыс пен басқа да құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары алдағы уақытта да жалғасатын болады.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Сәйкес жаңалықтар

Мемлекеттік тіл туралы дөңгелек үстел өтті

admin

Қала тұрғынын мазалаған сұрақтарға жауап берді

admin

Шымкент: жолдардың сапасы — басты назарда

admin