Шымкентте құтқарушылар күніне орай баспасөз туры өтті
19 қазан – Құтқарушылар күні. Осы кәсіби мереке қарсаңында Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің ұйымдастыруымен баспасөз-туры және ашық есік күні өтті. Іс-шараға қалалық БАҚ өкілдері мен білім беру мекемелерінің оқытушылары мен оқушылары қатысты. Баспасөз турының мақсаты-құтқарушылардың қызметімен таныстыру және азаматтық қорғау саласының оң имиджін арттыру.
Сондай-ақ, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған құтқарушылар қызыл кілеммен өтті. Бұл көрініс жастарға жігер беріп, патриоттық сезімнің артуына себеп болды. Осылайша бүгінгі күннің батырларына ерекше құрмет көрсетілді.
Ашық есік күнінде төтенше жағдайларға қатысты техникалармен және құтқарушылардың күнделікті жұмысы таныстырылды. Іс-шара барысында құтқарушылардың жұмыс процесін көрсететін арнайы дайындалған көріністер де ұйымдастырылды.
Құтқарушылар күні жыл сайын атап өтілетін маңызды мереке. Бұл күн құтқарушылардың қиын әрі жауапты еңбегіне құрмет көрсетіп, олардың қауіп-қатерге толы қызметтерінің қоғам үшін қаншалықты маңызды екенін еске салады.