Психикалық денсаулық орталығында дөңгелек үстел өтті

10 қазан – Дүниежүзілік психикалық денсаулық күні. Бұл мереке Дүниежүзілік психикалық денсаулық федерациясының бастамасымен 1992 жылы құрылды және жыл сайын халықтың психикалық денсаулық проблемалары мен оны нығайту тәсілдері туралы хабардар болуын арттыру, сондай-ақ психикалық бұзылулардың алдын-алу және емдеу мақсатында атап өтіледі. Мерекеге орай, Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ «Психикалық денсаулық орталығы» мекемесінде дөңгелек үстел өтті. Жиынға Психикалық денсаулық орталығының бас дәрігерідің орынбасары Ерлан Ережепов және психиатр-дәрігерлер мен жастар қатысты.

Жиынның ашылуында сөз сөйлеген Ерлан Ережепов Шымкент қаласында психиатриялық есепте тұратын науқастар саны және психикалық ауруға шалдығатындар жөнінде баяндама жасады.

– Қазіргі әлемде ең көп таралған психикалық бұзылыс – депрессия. Депрессиялық жағдайдан туындаған одан да күрделі мәселе – өз-өзіне қол салу. Жыл сайын әлем бойынша 800 мыңнан астам адам өз-өзіне қол жұмсайды. Адамдардың басым бөлігі психикалық белсенді заттарды қолданумен байланысты психикалық бұзылыспен зардап шегеді (алкоголизм, нашақорлық). Әйелдер ерлерге қарағанда екі есе дерлік ауыр депрессиядан зардап шегеді. Дегенмен, ерлер мен әйелдердің биполярлық бұзылыстың дамуы бірдей ықтимал. Күрделі депрессия кез келген жаста дами алатынымен, бастапқы кезеңдегі орташа жас 20 жастың ортасында болып табылады. Көп жағдайда шизофрения алғаш рет жасөспірімдерде немесе 20 жастың басында пайда болады. Олардың барлығы білікті психиатриялық көмекке мұқтаж,-дейді Ерлан Ережепов.

Жалпы, Шымкент қаласында психиатриялық есепте тұратын науқастар саны – 12190 құрайды. Олардың ішінде жастар саны – 2883, ал, ерлер–1693, әйелдер – 1190. Бұл сандар нақты емес көрінеді.

ПІКІР ЖАЗУ