Түркістан облыстық сотында кеңейтілген кеңес өткізілді

Түркістан облыстық сотында 2024 жылдың 9 айында жергілікті соттардың сот төрелігінің жүзеге асыру жұмыстарын қорытындылау бойынша кеңейтілген кеңес өткізілді.

Кеңес жұмысына Түркістан облыстық соттың төрағасы А.Сұлтанов, сот алқаларының төрағалары, облыстық соттың судьялары, аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен судьялары, сондай-ақ, Сот әкімшілігінің Түркістан облысы бойынша Департамент және сот Әкімшілерінің басшылары мен мамандары қатысты.

Кеңейтілген кеңес шеңберінде, облыстық соттың алқа төрағалары мен міндеттерін атқарушылары Т.Оңғарбаевтың, Н.Биболовтың, А.Байтурованың және Сот әкімшілігінің Түркістан облысы бойынша департамент басшысы А.Апбастың аудандық соттардың материалдық-техникалық жағынан қамтылу жағдайына баяндамалары тыңдалды.

Судья А.Жаңбырбаева судьялардың іс-әрекетіне шағымдарды қарау тобының жұмыс қорытындылары жөнінде ақпаратты қатысушылардың назарына жеткізді.

Азаматтық істер бойынша татуластыру (медиация) рәсімдерін қолдану бойынша атқарылған жұмысы жөнінде облыстық сот судьясы М. Арапов баяндама жасап өтті.

Жиналыс жұмысын қорытындылай келе, облыстық соттың төрағасы А.Сұлтанов сот төрелігінің сапасын жақсарту, судьялар мен кеңсе қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттыру, соттардың жариялылықпен ашықтығын қамтамасыз ету бағытында және ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығында атқарылуы тиіс жұмыстар бойынша нақты тапсырмалар жүктелді.

Кеңейтілген кеңес марапаттау рәсімімен жалғасып, 25 қазан – Республика күні мерекесіне орай, судьялар мен сот қызметкерлері төсбелгілер, құрмет белгілері, құрмет грамоталары мен алғыс хаттары табысталды.

ПІКІР ЖАЗУ