Түркістан қаласы полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары тағайындалды

Түркістан ҚПБ бастығының бірінші орынбасары лауазымына полиция полковнигі Алмас Келдібекұлы Мырзахметов тағайындалды.

Жаңа басшыны жеке құрамға Түркістан облысы ПД бастығының міндетін атқарушы полиция полковнигі Бағланбек Айтпаев таныстырып, алдағы қызметіне сәттілік тіледі.

Полиция полковнигі А.Мырзахметов бүгінгі күнге дейін Түркістан облысы ПД Патрульдік полиция баталаьонының командирі лауазымын абыроймен атқарды. Ол ішкі істер саласында өзіндік қолтаңбасы бар маман, білікті басшы.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ