Тәртіпке бағынған құл болмайды
Келестік полицейлер «Тәртіпке бағынған құл болмайды» дей келе жасөспірімдер арсында түсіндірме жұмыстарын жүргізді
Келес ауданы аумағында Келес АПБ-нің басшы құрамдарының қатысуында №7 жалпы орта мектебінің оқушылары арасында профилактикалық алдын алу жұмыстары жүргізіліп, дәрістер өткізілді.
Кездесудің бірден- бір мақсаты, жастар мен жасөспірімдердің арасында қылмыстың, құқық бұзушылықтың, Отбасылық тұрмыстық зорлық зомбылық, буллинг, киббербуллинг, алдын алу болып табылады.
Жиналысқа, Келес АПБ бастығының бірінші орынбасары полиция подполковнигі Ибрагимов Асет Жақыпбекұлы бастап берді. ЮПТ-ның КТІЖ-гі инспекторы полиция майоры Эльмира Есенкулова, УПИ полиция майоры М.Сарсеновтар және колледждің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Абубакиров Ерлан Аубакирұлы, Тагаева Гулбахар Аманбекқызы, әлеуметтік педагог- қызметкері, психолог мамандары қатысты.
Алғы сөзді, Келес АПБ бастығының орынбасары полиция подполковнигі А. Ибрагимов ашып беріп, Республика, аудан аумағындағы қылмыстардың статистикасына тоқталып өтіп, жасөспірімдерді құқық бұзушылыққа, қылмысқа бармауларын, оның Заң алдында қатаң жауапкершіліктерін түсіндіре кетті. Жиын барысында, ЮПТ инспекторы Э. Есенкулова сөз алып, қазіргі уақытта психологиялық қорлаудың ең көп таралған түрлерінің бірі-кибербуллинг-заманауи коммуникациялық технологияларды (ұялы телефондар, интернет, басқа да электрондық құрылғылар) қолдана отырып, интернет-қорлау немесе кибер-қорлау (зиянды, қауіпті суреттер мен фотосуреттерді жіберу, қауесеттерді тарату және т.б.). болып табылатыны жөнінде айтып өтті.
Осы орайда ЖПҚ УПИ полиция майоры М. Сарсенов студенттерге кибербуллингті қалай тануға болады? деген сұраққа жауап бере кетті. Кибербуллинг бұл жалпы адамның қауіпсіздігіне қауіп төндіретін кез-келген қорлайтын, қауіп төндіретін хабарлама, сондай-ақ жәбірленушінің келісімінсіз “Интернет” желісінде орналастырылған бейнелер, фотосуреттер кибербуллингке жатқызылатыны жөнінде оқушыларға нақтылап түсіндірді.
Жиналыс соңында, полиция майоры Э. Есенкулова Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясында орын алып жатқан құқықбузушылықтар мен қылмыстардың статистикасына тоқтала кетіп, оқушыларға брошюра мен жадынамалар таратып, қазіргі таңдағы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Заңы 2024 жылғы 15 сәуірдегі № 72-VIII ҚР Заңындағы өзгерістер, яғни бұрынғы әкімшілік істер, қазіргі таңда қылмыстық іс болып сараланғанын, ондағы 108-1 бабы 1-1 бөлігі, 109-1 бабы 1-1 бөліктеріне тоқталып түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, білім беру оқушыларын тәртіпке шақырды.