Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Республика күні аталып өтті

Жетісай аудандық полиция бөлімінде 25 қазан Республика күні сән-салтанатымен аталып өтті.

Ұлттық мерекеміз Республика күніне жеке құрам басшыларымен қызметкерлер және ардагерлер қатысты.

Алдымен мерекелік шараға жиналғандарды Жетісай аудандық полиция бөлімінің бастығы полиция полковнигі Әділбек Сапарбеков айтулы мерекемен құттықтады.

Одан кейін, қызметтік міндеттерін адал атқарып және жұмыста жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін ерекше көзге түскен қызметкерлер мен ардагерлерге Алғыс хаттар табыстады.

Шара барысында мерекеге орай арнайы дайындалған видеоролик тамашаланып, ардагерлердің ізгі тілектері тыңдалды.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Сәйкес жаңалықтар

2025 жылы қандастарға қанша өңірлік квота бөлінді

admin

Түркістанда орман алқабы ұлғаюда

admin

Үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық жөніндегі кеңестің отырысы өтті

admin