Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: 192 несиелік пәтерге өтінімдер қабылдау конкурсы басталды

Шымкент қаласында 2021 жылдың 1 қырүйегінен бастап, 15 қыркүйек аралығында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының «5-20-25» бағыты бойынша жеңілдетілген пайыздық көрсеткіштегі 192 несиелік пәтерге өтінімдер қабылдау конкурсы басталды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аталған кредиттік бағыттағы конкурсқа тұрғын үй кезегінде тіркелген барлық азаматтар қатыса алады. Ол үшін Отбасы банкінің «baspana.otbasybank.kz» порталы арқылы онлайн өтінім жіберсе болғаны.

Алғашқы жарна пәтер құнының 20 %-ын, несиенің жылдық мөлшерлемесі 5 %-ды құрайды. Отбасы банк жариялаған ақпаратқа сәйкес, тұрғын үйлер Тұран шағынауданында орналасқан.

Айта кету керек, бұл бағыт бойынша азаматтарға қойылатын басты талап, отбасының соңғы алты ай ішінде еңбек немесе кәсіпкерлік қызметтен табысы әрбір мүшесіне ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,7 еселенген мөлшерінен (2021 жылға – 126 917 теңгеден) аспауы қажет. Зейнетақы аударымдары мен жеке табыс салығы және өзге де міндетті аударымдар табыс көзі ретінде есептелмейді.

Сәйкес жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: Әйтенов «Сәуле» шағынауданы 276 орамда жарық және су жүйелерінің жағдайымен танысты

admin

Шымкент әскери гарнизоны әуе базасы тексеруден сәтті өтті

admin

Түркістандық қарттар салауатты өмір салтын қолдайды

admin