Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Түркістан облысында бәсекелестікті қорғау департаменті 40-тан астам талдау жүргізген

2024 жылдың 8 айында Түркістан облысының тауар нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйіне 41 талдау жасалды. Жанар-жағармай материалдары, сұйытылған мұнай газ, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік, медициналық қызмет көрсету, электр энергиясын сату сынды салалар зерттелді.

Нәтижесінде бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін жалпы құны 2 млн. 769 мың теңгені құрайтын 6 әкімшілік хаттама толтырылды. Бұл туралы өткен брифингте ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Данабек Махатов мәлімдеді.

«Департамент тарапынан нарықты талдау, өтініштерді қарау қорытындысымен монополияға қарсы заңнаманы бұзу бойынша 9 хабарлама шығарылды. Сондай-ақ, облыс аумағында сұйытылған мұнай газын бөлу кезінде құқық бұзушылықтар анықталды. Орын алған заңсыздық негізінде жауапты тұлғаларға 2 млн 212 мың теңге көлемінде айыппұл салынып, қазіргі таңда салынған айыппұл толық көлемде өтелді»-деп баяндады спикер.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Сәйкес жаңалықтар

Әбиба Абужақынова – Азия ойындарының күміс жүлдегері

admin

Түркістан облысы ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі бойынша республикада бірінші орынға шықты

admin

Жайлы мектеп: нұршуақ шағынауданында 2 мың орындық мектеп салынуда

admin