Түркістан облысы бойынша жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға Мемлекеттік гранттар беру жөніндегі комиссия мүшелерінің шешімі
Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған гранттар (бұдан әрі – гранттар) 400 еселенген айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде (1 476 800 теңге) халықтың әлеуметтік осал топтары қатарындағы адамдарға (атаулы әлеуметтік көмек алушылар, көп балалы адамдар, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік жәрдемақы алушылар, қоныс аударушылар, қандалар, мүгедектігі бар адамдар және мүгедек бала тәрбиелеп отырған адамдар) конкурстық негізде беріледі.
2024 жылы Түркістан облысы бойынша жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға 1 793 грант берілу жоспарланған. Гранттарды беру екі лекте жүргізілді:
I лек (өтінішті қабылдау 20 мамырдан 31 мамырға дейін) – 893 грант;
II лек (өтінішті қабылдау 15 шілдеден 26 шілдеге дейін) – 900 грант.
2024 жылдың 15 шілдесінен 26 шілдесіне дейін business.enbek.kz порталына 2 917 үміткер өтініш берген.
Екінші лек бойынша өтініштерді қарау жөніндегі комиссияның отырысы 2024 жылғы 30 шілде мен 6 тамыз аралығында өтті. Комиссия отырысы аяқталғаннан кейін мансап орталығының қызметкерлері 2024 жылғы 9 тамызда комиссия отырысының хаттамасына сәйкес «Еңбек нарығы» ААЖ-ға комиссия шешімін енгізді.
Комиссия 886 үміткердің бизнес жобаларын мақұлдады, оның ішінде:
- Тігін цехы, ателье – 118 грант;
- Наубайхана және аспаздық – 161 грант;
- Дәнекерлеу жұмыстары цехы – 51 грант;
- Химиялық тазалау/клининг – 10 грант;
- Сұлулық салоны (шаштараз, косметологиялық қызметтер), массаж – 30 грант;
- ТҚС (шина монтаждау, автомобильдерді жөндеу бойынша қызметтер) – 40 грант;
- Құрылыс жұмыстары – 32 грант;
- Сүт өнімдерін өндіру – 26 грант;
- Қолөнер -18 грант
- Ауыл шаруашылығы – 50 грант
- Фитнес – 6 грант
- Сантехника – 3 грант
- Құс шаруашылығы – 63 грант
- Халыққа қызмет көрсету орталығы – 112
- Тұрмыстық химия – 6
- Балаларға қызмет көрсету орталығы – 12
- Бал ара шаруашылығы – 3
- Балық шаруашылығы – 7
- Өндірістік және өңдеу салалары – 138
Санаттары бойынша:
- Аз қамтылған отбасылар АӘК алушылар – 13;
- Мүмкіндігі шектеулі тұлғалар – 146:
- Көп балалылар – 620
- Мүгедек баланы (мүгедек балаларды) асырауына байланысты жәрдемақы алатын адамдар – 77;
- Асыраушысынан айрылғандар – 30.
Комиссия мүшелерінің шешімі үміткерлердің business.enbek.kz.
порталдағы жеке кабинеттеріне жіберілді.