Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

8 елдің төтенше және өкілетті елшілері мен дипломаттары Түркістанға келді

Бүгін сегіз мемлекеттің Төтенше және Өкілетті Елшілері мен дипломаттары Түркістанға келді. Мәртебелі меймандармен кездескен Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды өңірдің инвестициялық әлеуетін таныстырды. Мемлекеттік қолдау шараларынан хабардар етті. Түркістанның тарихымен, даму жоспарымен таныстырып, өңірге түрлі сала бойынша инвестиция тартуға шақырды.

Дипломатиялық корпустың 8 шет мемлекеттің елшілері мен дипломаттары: Палестина, Алжир, Солтүстік Македония, Кувейт, Ирак мемлекеттерімен Әзірбайжан республикасының Төтенше және Өкілетті Елшілері, Қазақстандағы Ауғанстан Ислам Әмірлігінің істерінде сенім өкілі, Қазақстандағы Катар мемлекетінің Елшілігінің хатшысы Түркістан төрінде бас қосты.

Аталған елдермен сауда-экономикалық қарым-қатынасты нығайту мәселесі талқыланып, кездесу барысында әр түрлі салаларда ынтымақтастықтың ықтимал мүмкіндіктері, инвестиция тарту, тәжірибе алмасу және өзара қарым – қатынасты дамыту жайлы келіссөздер жүргізілді.

Шетелдік қонақтар өңірдегі Арнайы экономикалық және Индустриалды аймақтардың жұмыстарымен танысты. Облыс орталығындағы киелі жерлерге зиярат етіп, Түркістанның рухани және туристік орындарын аралап, тарихымызбен танысты. Сондай-ақ өңірдегі «Саутс-Ойл» компаниясының жобаларының іске асыру барысын талқылады.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Сәйкес жаңалықтар

Түркістан облысының ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне орай «AGROFEST TÚRKISTAN — 2024» салтанатты шарасы өтуде

admin

Қазақстандық оқушылар OIBO-2026 халықаралық ашық биология олимпиадасына қатысуда

admin

Биыл жасөспірімдердің қатысуымен 124 ЖКО тіркелді

admin