Жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға арналған жиын өтті

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу – аса маңызды аспекті болып табылады. Жасөспірімдердің арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу және оны болдырмау үшін құқықтық білімді жетілдіру керек. Құқықтық білім беру арқылы жасөспірім құқықтың не екенін ұғынады және оның санасы қалыптасып, дамиды.

Осы орайда Сауран аудандық полиция бөлімнің бастығы Алмат Абидиновтің тапсырмасымен жастар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алуға бағытталған кездесу өтті.

Аудан әкімдігі мен прокуратура мамандары және 12 ауылдық округтің ақсақалдары пікір алмасқан бұл жиынға жергілікті тұрғындар, мектеп ұжымы , ата-аналар мен жоғары сынып оқушылары және ойын-сауық мекемелерінің иелері қатысты.

150 ге тарта жергілікті тұрғын қатысқан жиында қазіргі уақытта жасөспірімдердің арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу өзекті мәселе екендігі, құқық бұзушылық — бұл қоғамға зиян келтіретін және заң бойынша жазаланатын қоғамға қарсы әрекет деп түсіндірілді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ