Қазақ тілін жетік меңгерген ұлты өзге полицейдің бір күні

Түркістан облысы Полиция департаментінде 75 өзге ұлт өкілі жұмыс істейді. Ал ҚР ІІМ мемлекеттік тілді жетік меңгерген өзге этнос қызметкерлерін қоғамға таныту, олардың қазақ тілін жетік меңгергенін көрсету бойынша жұмыстарды күн тәртібінен түсірген емес.

Осы ретте өңір полицейлері арасында мемлекеттік тіл мәртебесін көтеріп жүрген ұлты өзге полицейдің бір күндік жұмысы жайлы бейнеролик ұсынамыз.

Мақтаарал аудандық полиция бөлімі көші-қон қызметі бөлімшесінің инспекторы полиция капианы Шохрух Баратов ұлты тәжік болғанымен, жүрегі қазақ деп соғатын жан. Қызмет атқару кезінде, сондай-ақ жанұясында қазақ тілінде сөйлейді. Өзінің құрылымына байланысты құжаттардың барлығын мемлекеттік тілде жүргізеді.

Аудан көлемінде тұратын адамдардың жеке басын куәландыратын құжаттары, азаматтығы жоқ тұлғалардың жасаған өтініштері, алыс-жақын шетелден келушілердің құжатын заңдастыруда біліктілігін көрсетіп жүрген нағыз маман.

Кейіпкеріміздің жетістіктері де аз емес. Мысалы ағымдағы жылдың қыркүйек айында тіл мерекесі қарсаңында қазақ тілінің дамуына қосқан үлесі үшін ҚР ІІМ Ержан Саденовтың «Алғыс хатын» иеленді.

ПІКІР ЖАЗУ