V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі көпшілікке таныстырылып жатыр

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі көпшілікке таныстырылып жатыр.12 қанатты киіз үйде 375 дана этнографиялық құнды жәдігер қойылды. Олардың қатарында құнды жәдігер Канесары ханның қылышы, сонымен қатар киіз үйдің жиһаздары, әшекей бұйымдар, қару-жарақтар, кесе қаптар т. б жәдігерлер бар.Елімізден бөлек, шетелдік қонақтарымыз өңір тарихымен танысып, қызығушылық білдіріп жатыр.

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясындағы Түркістан облысының тағы бір киіз үйі ұлттық салт-дәстүр көріністеріне арналған. Мұнда Отырар халық театры «Беташар» дәстүрінен бөлек, дәстүрлі және халық әндерін көпшілікке паш етуде.

ПІКІР ЖАЗУ