Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Түркістанда жас әйел қойшының телефонынан қомақты несие рәсімдеген

Түркістан облысы, Сайрам ауданында алаяқ әйел ер адамның ұялы телефонынан жасырын түрде онлаин несие рәсімдеп, қомақты қаржыны өзіне аударып алған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Polisia.kz-тің жазуынша Сайрам ауданында қойшы жігіт ұялы телефонның тілін түсінбегендіктен, ауруханада кездескен бейтаныс әйелден көмек сұраған.

Жас әйел жеке кәулігі керек екенін айтып, ер адамның телефоны арқылы банк қолданбасына кіріп, оның атына несие рәсімдеп,1 млн-нан астам қаржыны иемденіп,  өзінің қажеттілігіне жұмсаған.

Жәбірленуші өзінің атына несие рәсімделгенін, банктен хабарлама келген кезде бір-ақ білген.

Сайрам ауданының полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сәйкес жаңалықтар

Қонаев қаласында маса улауға 40 млн теңге бөлінді

admin

Ордабасы: басты міндет — барлық саладағы көрсеткіштерді жоғары деңгейде орындау

admin

Шымкенттегі №1 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы 8 бағыт бойынша қызмет көрсетеді

admin