Түркістанда «Халық қаһарманының» 100-жылдығы атап өтілді

Түркістан қаласындағы «Ақжайық» музыкалық орталығында Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың 100-жылдығына арналған мерекелік іс-шара өтті. 

Рухы биік хас батырдың ғасырлық мерейтойын атап өту мақсатында ұйымдастырылған шараға облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығы полковник Нұрмаханбет Дюсебаев, әр-түрлі ұрыс қимылдар және әскери қақтығыстар ардергелері, сонымен қатар облыстың «Жас сарбаз» сыныптарының тәрбиеленушілері қатысты. 

Мерекелік шараны ашқан облыс әкімінің орынбасары батыр бабаларымыздың ерліктерін асқақтау маңыздылығына тоқталды. 

– Бүгін біз ұлы тұлға, Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың 100 жылдық мерейтойын атап өту үшін жиналдық. Бұл шара – батырымыздың ерлігін, отаншылдық рухын және халқымыз үшін сіңірген еңбегін еске алу, әрі жастарға үлгі көрсету болып табылады. Бүгінгі іс-шара – Қошқарбаевтың мұрасын мәңгі сақтау, оның атымен байланысты тарихи оқиғаларды жаңғырту, болашақ ұрпаққа жеткізу үшін маңызды сәт. Біз оны ұмытпай, жадымызда сақтауға міндеттіміз, – деді Ертай Кенжебекұлы.

Өз кезегінде қорғаныс департаментінің бастығы полковник Нұрмаханбет Дюсебаев батыр бабалар ізін басар ұрпақты тәрбиелеу еліміздің әр азаматының рухани парызы екеніне ерекше назар аударды. 

– Облысылымызда орын алған тарихи күнде, ардагерлеріміз бір ту астында бірлікте, бір—бірімен тығыз байланысу мақсатында  меморандумға қол қойып отыр. Келешегімізді, жастарды патриоттыққа тәрбиелеу, біртұтас ел—біртұтас жер идеологиясымен сіздер арқылы тәрбиелеу басты міндетіміз. Алға қойған мақсаттарымыз жүзеге асып, биік белестерді бірге бағындыруға тілектеспін. Ардагерлеріміз аман болсын! – деп түйіндеді облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығы. 

Мерекелік іс-шара аясында  «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы, Түркістан облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменті, «Түркістан облыстық әртүрлі деңгейдегі ардагерлерді Үйлестіру кеңесі» қоғамдық бірлестігі және облыс әкімдігі тарапынан меморандумға қол қою рәсімі өтті. 

Меморандумның мақсаты – олыстағы әртүрлі деңгейдегі Ардагерлердің өзара бірлігін нығайту, «Ардагер» деген құрметті есімнің мәртебесін көтеру, ұлағатты өмір жолын өскелең ұрпаққа үлгі ету, дәстүр сабақтастығы мен ұлттық құндылықтарын сақтау.

Мерекенің қорытындысы мәдениет басқармасының көркемөнерпаздар тобының ұйымдастырған концерттік бағдарламасымен ұласты.

ПІКІР ЖАЗУ