Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Әдеп кодексінің талаптары түсіндірілді

Департаменттің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы Н. Базарбек Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызметшілеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Жиын барысында, мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулер және Әдеп кодексі талаптарын қатаң сақтау, тәртіптік практика мәселелері, мемлекеттік органдардың қолжетімділікті бақылау және басқару жүйесінің жұмысын жетілдіру, үстеме жұмыс істеу мен мемлекеттік қызмет өткеру бағытындағы өзгерістер туралы баяндады.

Сондай-ақ, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның 12-бабының 1-тармағы ойын мекемелерінде құмар ойындарға және бәс тігуге қатысу бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдау жөніндегі 6) тармақшамен толықтырылғанын атап, құмар ойын мекемелеріне бару тәртіптік жауаптылықты көздейтін болса, құмар ойынына қатысу, бәс тігу қызметтен босатуға алып келетінін түсіндірді.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің қызметте де, қызметтен тыс уақытта да әдеп нормаларын сақтауды басты назарда ұстау керектігін жеткізді.

Сәйкес жаңалықтар

Түркістан облысында 32 елді мекенге жаңа базалық станция орнатылып, 62 ауылдың станциялалары жаңғыртылды

admin

Орман шаруашылығы қызметкерлері күні: саладағы жетістіктер мен жаңашылдықтар

admin

Шымкентте 3000 мыңға жуық адам уақытша қоғамдық жұмысқа жолданған

admin