Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Түркістанда ұрланған көлік Алматыдан табылды

Түркістан қалалық полиция басқармасының қызметкерлері автокөлік ұрлығына қатысы бар 60 жастағы Алматы тұрғыны қолға түсірді. Күдікті ер адам Алматы қаласына жетіп алу үшін өзге біреудің көлігін рұқсатсыз айдап кеткен.

Белгілі болғандай, ол күндізгі сағат 14:30 шамасында автотұрақта тұрған «ВАЗ-2107» автокөлікке көзі түскен. Ер адам алдымен күдік тудырмас үшін ұрланған көліктің нөмірлерін шешіп алып, дәл сондай өзінің көлігінің нөмірлерін орнатқан. Артынан көліктің есігін бұрағыш құралымен ашып, қылмыс орнынан бой тасалаған.

Тәртіп сақшылары ұрланған көлікті Алматы қаласынан тауып, заңды иесіне қайтарды. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Сәйкес жаңалықтар

Астанада құрылыс компаниясының басшысы қамауға алынды

admin

Түркістан қаласының әкімдігі бір көлікті 37,3 млн теңгеге сатып алмақ

admin

Аким области Абай представил план развития региона

admin