Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Полицейлер студенттермен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша өзекті ұсыныстарымен бөлісті

Төлеби аудандық полиция бөлімінің бастығы Бауыржан Зиятаевтың төрағалығымен «Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша бірлескен іс-әрекеттер атқару» тақырыбында жиналыс өтті. Жиналысқа ауыл билері, ардагерлер колледж мамандары мен студенттер қатысты.

Спикерлер, ұстаздар баяндама жасап, жастардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында атқарылып жатқан тиісті шараларды толықтай атап өтті. Сонымен қатар елімізде кәмелетке толмағандардың қатысуымен орын алған оқиғаларды жеткізіп, ауданымызды жастар үшін қауіпсіз ету үшін бірлесе жұмыс атқару қажеттігін алға тартты.

Іс-шара соңында полицейлер жастарға құқықбұзушылықтың алдын алу мен болдырмау, кәмелет жасына толмағандар арасында қылмыс пен құқықбұзушылыққа қарсы күрес бағытындағы жаңа жүктемелерді таныстырып өтті.

Ал колледж мамандары мен ауыл билері ауыл аймақтарда, жастар көп шоғырланатын жерлерде, мектеп, колледж алдында полиция күштерін көбейту бойынша ұсыныстарын білдірді. Студенттер тарапынан көптеген сұрақтар қойылып, оларға полиция қызметкерлері толыққанды жауаптар берді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Сәйкес жаңалықтар

Түркістанда мас күйде көлік басқарған екі жүргізуші куәлігінен айырылды

admin

Шымкентте құрылыс сапасына қатысты әкімшілік құқық бұзғандар жауапкершілікке тартылды

admin

Сарыағашта 200 орындық жаңа оқу ғимараты пайдалануға берілді

admin