Полиция жастармен кездесті

Бүгін қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу мен жол бермеу. Осындай маңызды мәселелерге байланысты Отырар аудандық полиция бөлімінің ұйымдастыруымен маңызды жиын өтті.

Аталмыш шараға аудан әкімінің орынбасары Айдос Құлмаханов, полиция бөлімінің бастығы Берік Нышанбаев, жеке құрам қызметкерлері, прокурор М.Абдукаримов, колледж студенттері мен ата-аналар және аудан тұрғындары қатысты.

Жиын барысында «кәмелет жасына толмағандармен және оларға қарсы жасалатын қылмыстардың профилактикасы» тақырыбында да баяндамалар жасалып, жауаптыларға тиісті тапсырмалар берілді. Сондай-ақ аудан көлемінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын-алу бағытында тиісті деңгейде жұмыстарды ұйымдастыру жөнінде мәселелер талқыланды.

Еркін форматта өткізілген жиында ата-аналар мамандарға өздерін толғандырып жүрген сауалдарын жолдап, нақты жауаптар алды.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ