Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Түркістан қаласында жолаушы тасымалдаушы көліктердің 50-ге тарта құқық бұзушылығы анықталды

Түркістан қаласында қоғамдық тәртіпті сақтау мен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, заңсыз жолаушы тасымалымен айналысатын қоғамдық көліктер, автобус, такси жүргізушілерін анықтау мақсатында рейдтік-профилактикалық іс-шара өткізілуде.

Осы бағытта полиция бөлімінің жеке құрамы күшейтілген режимде қызмет атқаруда. Шара барысында қала көлемінде жолаушыларды тасымалдау кезінде заң бұзушылықтарға жол берген 50-ге тарта көлік құралы анықталды. Тәртіп сақшылары тарапынан жүргізушілерге жол ережесін бұзбау, жолаушыларды тек қана белгіленген автотұрақтан отырғызу қағидаттары түсіндірілді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Сәйкес жаңалықтар

Шымкентте 3 жылда 472 көше жарықтандырылды

admin

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Келестік тұрғындарға жеке қабылдауын өткізді

admin

Түркістан облысында бизнесті дамытудың жүйесі өзгертілмек

admin