Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Түркістан облысында полицейлер бір қыстақтан 3 рет мал ұрлаған күдіктіні ұстады

Сарыағаштық полицейлер жедел-іздестіру іс-шарасы барысында жайылымға 3 рет ұрлыққа түскен жас күдіктіні ұстады. Күдіктінің айтуынша, ол қаражат табу мақсатында қылмысқа барған. Яғни түнгі уақытта тұрғынның жайылымда жүрген сиырын ұрлап, қылмыс орнынан жасырынған.

Содан кейін ұрланған малды сатып, ақшасын қажеттілігіне жұмсаған. Полиция қызметкерлері күдіктінің бұдан бөлек мал ұрлығының екі фактісіне қатысы барын анықтады. Жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі – 1,5 миллион теңге.

Қазіргі таңда күдікті қамауда, іс сотқа жолданды.

Сәйкес жаңалықтар

Сайрамда карантин талаптарын сақтауды насихаттау жұмыстары жүргізілді

admin

Шымкентте медбикелер GPS құрылғысымен бақыланатын болды

admin

Жаһандық жылыну әйелдер денсаулығына кері әсерін тигізуде

admin