Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Қонақ болып келіп, үй иесінің телефонын ұрлап кеткен ер адам анықталды

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Саурандық полицейлер ұрлыққа қатысы бар бұрын сотты болған ер адамды анықтады.

Күдікке ілінген ер адам досының үйіне қонаққа келген кезде гаражда қуат көзінде тұрған ұялы телефонды байқап, оңай жолмен пайда табу мақсатында қараусыз тұрған телефонды қайтар кезде жымқырып алып кеткен. Келтірілген шығын көлемі 120 мың теңгені құраған.

Содан ұрлаған телефонды ломбардқа өткізіп, бас пайдасына жаратқан. Полиция қызметкерлері айғақты затты тәркілеп, заңды иесіне қайтарды. Қазіргі таңда күдікті ер адамға қатысты сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Сәйкес жаңалықтар

Түркістан облысына Ирандық инвестор инвестиция салуға ниетті

admin

Құрылыс қарқынын үдетуді тапсырды

admin

Алматы мен Астана өмір сүру сапасы бойынша Мәскеуді басып озды

admin