«Тасымалдаушы» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға бақылауды күшейту, жеке адамдар тарапынан жолаушылар мен жүкті заңсыз тасымалдау фактілерін анықтау мақсатында, ағымдағы жылдың қазан айының 15-17 күндері аралығында, Мақтаарал ауданы аумағында «Тасымалдаушы» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шараның мақсаты, жол жүрісі қауіпсіздігінің белгіленген талаптарына сәйкес келмейтін заңсыз қайта жабдықталған автомашиналарды (таксилерді) пайдалануға тыйым салу.

Сонымен қатар, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушылықтардың, оның ішінде көлік құралын мас күйде басқару, жылдамдық режимінен асыру, басып озу, қарсы бағытқа шығу, маневр жасау, қиылыстар мен жаяу жүргіншілер өткелдерінен өту, жолаушылар мен ауыр салмақты жүктерді тасымалдау, қауіпсіздік белбеулерін мен балаларды ұстап тұру құрылғыларын пайдалану және т.б. фактілердің жолын кесу бойынша жұмыстар жандандыру болып табылады.

ПІКІР ЖАЗУ