Біз таңдауымызды жасадық!

Біз «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының ұжымы Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде орналасқан № 133 сайлау учаскесіне барып, АЭС салу бойынша жалпыхалықтық референдумға қатысып, азаматтық ұстанымдарын білдірді. Партия филиалының төрағасы, Түркістан облыстық мәслихатындағы партиялық фракцияның жетекшісі Алтынсары Үмбетәлиев бастаған аманаттық өкілдер, АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штабтың құрамында облыс аудандары мен қалаларында түрлі еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізіп, еліміз үшін маңызды таңдау сәті келгенін жеткізген болатын.

Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына келген сәттен бастап, әділеттілік принципіне негізделген мемлекеттік саясатты жария еткенін жақсы білесіздер. Әділетті Қазақстан – әр азаматтың ерік-таңдауын білдірумен құрылатыны белгілі. Референдум өткізу туралы қабылданған саяси шешім – мемлекеттік маңызы бар істе барлық азаматтың үнін есту дегенді білдіреді.

Референдум – бұл халықты ортақ арнаға біріктіріп, жалпыға ортақ шешімді қоғам болып таңдауымызға мүмкіндік беретін құрал. Саяси шешімдер бойынша өткізілген референдумдар бұған дейін де болды. Оның ең негізгісі – Конституциялық реформалар бойынша халық таңдауы 2022 жылы жүзеге асып, қазақстандықтар береке-бірлігімен Конституцияның жаңа нормаларының қабылдануына ұйытқы болды.

«Хабарларыңыз бар, Мемлекет басшысының Жарлығымен 6 қазанда – Атом электр станциясын салу жөніндегі жалпыұлттық референдум өткізу белгіленді. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында әлемде қазір энергия тапшылығы болып жатқанын айтты. Экономикада жаңа өндірістерді қосу үшін көп энергия қажет деді. Мұндай жоғары сұранысты атом энергетикасы ғана шешуге мүмкіндік беретінін айтып, АЭС салу жөніндегі таңдауды халық жасайтынын білдірді. Міне бүгін сайлау учаскесіне келіп, таңдауымызды жасадық»,–деп атап өтті Алтынсары Дүйсенбекұлы.

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ