“Аула ішіндегі кездесу” республикалық акциясы аясында полиция қызметкерлері халықпен кездесу өткізілді

“Аула ішіндегі кездесу” республикалық акциясы аясында полиция қызметкерлері халықпен кездесу өткізілді.

2024 жылдың 10 қазан күні Полиция басқармасының бастығы Жандос Бейсенов Еңбекші АПБ ЖПҚБ-на қарасты №39 учаскелік полиция пунктінің әкімшілік аумағындағы тұрғындарымен кездесіп, құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу, интернет-алаяқтықтың тіркелген фактілері туралы айтып, телефон алаяқтарымен сөйлесудің негізгі ережелерін жеткізді. Сондай-ақ отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтарға, есірткі заттарының таралуына жол бермеу және қауіпті нарко-граффити жарнамаларын жою бойынша қажетті ақпаратты жеткізді.

Басты мақсат – қоғамдық тәртіпті сақтауды және көшелердегі профилактиканы күшейту, қылмыс пен құқық бұзушылықтардың алдын алу және болдырмау, халық арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу, құқықтық кеңестер беру, қоғамдық орындарда, саяжайларда, құрылыс объектілерінде, базарларда, шаруа қожалықтарда, жалдамалы пәтерлерде, шалғай жерлерде тексеру жұмыстарын жүргізу.

Сонымен қатар, маскүнемдер, нашақорлар, қолайсыз отбасылар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу.

ПІКІР ЖАЗУ